Көңілі тоқ, алаңсыз, қайғысы жоқ, жайбарақат тірлік туралы. ~ Таңертең ше… Таңертең Бибі ханымның жағасы жайлау, төбесі қыстау, езуі бір жиылған жоқ; жазаласа хан бəрін біліп қойып, ұстап əкелген арабпен екеуін қосақтаңдар деп, əмір қылғанда да езуін жимады. Ж.Айм. ~ Сөйткен жағасы жайлау, төсі қыстау Кенесары күрт өзгерді. Төренің көңіл райының құбылғаны түрінен сезіліп тұр… І.Ес. ~ Гүжілге жуық жуан даусымен анекдот, қалжыңды оңды-солды сапырып отырған Жолдастың дәл қазір жағасы жайлау, төсі қыстау. Н.Ақ.
