Уайым-қайғысыз, жаймашуақ өмір кешті. ~ Қойныңдағы қатыныңды жаман деуді есту оңай емес. Ал Мақпыр мені көргенде күлмеңдеп, жағасы жайлау, етегі қыстау, жаны жаз болып, өзі мәз болып кетеді. Б.Қыд. ~ Әсілі ондайлардың көбінің көңілі жайсаң жандар еді. Мынау кім біледі, сондай бір жағасы жайлау, етегі қыстау адам шығар. Б.Қыд. ~ Мойынын қатырғы жаға мен галстук бунап, бар уақытын кеңседе өткізетін өкіметшіл, ысқаяқ күйеуден де мыналар сияқты жағасы жайлау, етегі күзеу біреумен баз кешпегеніне іштей налып та отыр. Е.Мұх.
