Posted in

ЖАҒДАЙ ЖАР БЕРМЕДІ

Әлдебір істің орайы келмеді, сәті түспеді. ~ Біреуі батысқа, екіншісі шығысқа қарай әлі де болса ілгерілей беру ниетінде еді. Бірақ ол ойларын іске асыруға екі жағына да әртүрлі тарихи жағдайлар жар бермеді. Қ.Жұм. ~ Көмекке бір жігіт бердім. Екі жігіт босатуға күйім келмейді. Жаугершілік жағдай жар бермейді. Ғ.Біл. ~ Бармаса Нәзиләмен тілсіз айрылысады. Бір айрылып кеткен соң басқа елдің жерінен қайта оралып соғуға жағдай жар берер ме? Ғ.Біл.