Posted in

ЖАҒДАЙ КӨТЕРМЕДІ

Мүмкіндік болмады, ыңғайы келмеді. ~ Тегінде сұраған деген-ақ ауыр. Берсе — жақсы, ал, оны жағдай көтермеді, сонда қайтты? Тіпті сонау соғыс алдындағы бейбіт тірлікте де біреуден бір сабақ жіп сұрап па екен?. М.Сүн. ~ Мәжіліске шақыра беруге жағдай көтермейді. Осылай, өзім келіп мазалап тұрармын,– деді генерал-лейтенант қол алысып. Т.Ахт. ~ Бейбіт замандағыдай жерлеуді келесі күнге қалдырып, созбақтатып жүрген кім екен? Мұны ұғысу керек. Біз қазір ұрыс жағдайындамыз ғой. Найқалып жүруді бұл жағдай көтермейді. Ғ.Біл.