Posted in

ЖАҒЫҢ ҚАРЫСҚЫР!

Үнің өшсін, сөйлей алмай қал д.м. қарғыс. ~ Мұндай сұлу да көргенің бар ма, сірә (Отырғандар тамашалап күліседі Жантыққа) Уа, мынау Шөмекейдің бас құдасы, мырзалығын неге мақтамайсың, жағың қарысқыр-ау! М.Әу. ~ Бірақ, осында бір жағың қарысқырлар Боранқұлдың жаңа үйінің қабырғасына сырттан жасырын тыңдау аспаптары орнатылған екен деп сыбырлайды. Ғ.Біл. ~ Тәйт, жағың қарысқыр. Қай-қайдағы келеді басыңа. Шатырбайға сатылған сенің төркіндеріңнің ісі шығар. К.Қаз.