а) Дамыл таппай сөйлей берді, аузы бір жабылмады. ~ Тағанға бәрібір еді. Соңғы он жылда жағы сембей айтып келе жатқан жалғыз ауыз өлеңін бастап жіберді. О.Бөк. ~ Балуанды түсетұғын тағы жарлап, Жаршылар жағы сембей жүр қақсауда. І.Жанс.
ә) Бір сәтке де толастамады. ~ Аспан мен жер астасып ақ түтек боп тұрып алады. Күн соғады, түн соғады, апта бойы ұйтқып, ұлып жағы сембейдi. Т.Сәу. ~ Ағарып атып келе жатқан таңды лаңғада, у – шумен қарсы алады. Жол бойында беймаза тіршілік күйбіңінің жағы бір сембейді. Қарадай мезі етеді. Ж.Сәм. ~ Өз жетекшісінің тойында ойнамағанда, қайда ойнасын – эстрада оркестрінің таң атқанша жағы сембеді. К.Хам.
