Posted in

ЖАҒЫ ҚАРЫСТЫ

Сөйлей алмай қалды, үні өшті; аузы жабылды. ~ Бұл да болса қорлық болды. Жаңа ғана ешкімге сөз бермей, алдына жан салмай сайрап отырған ақынның жағы қарысты да қалды. С.Бақ. ~ Құлағы тарс бітіп, жағы қарысып қалғандай, жуық маңда үн қататын түрі жоқ. С.Омар. ~ Жұлқынып барды да жұдырығымен төбесiнен бiр перiп, «Медеудiң» жағын қарыстыра салған. Т.Сәук. ~ Отау үй әлі жым-жырт. Мүлгіп тұр. Ауыл үсті монтаны тыныш. Ит екеш иттердің де жақтары қарысқан. С.Елу.