Қолынан келгенше әспеттеп, беделін көтеріп бақты. ~ Бұлар үшін қарағым не көрмеді? … Бәрінің де… боғын жуып, жақсысын асырып, жаманын жасырып, адам секілді қылып, осы ауылды адам қатарына қосқан сол емес пе еді? Жоқтығына қарамай үйін — базар, түзін — той қылып, думан қылып отырудан босаушы ма еді. М.Әу. ~ Ойбай, шырағым-ай, алып қалмайық дедік пе. Әспетжан екеуміз жақсысын асырып, жаманын жасырып, кірісіп-ақ бақтық қой… Болмады ғой. С.Шай. ~ Хан тағына отырғалы жаманын жасырып, жақсысын асырып, мейманасын тасытып қызмет қылған ханшаның иінінен сөгіліп, бой-бой болып егіліп отырысы мынау!.. Д.Дос.
