Әлдебір оқиғаны, жәйтті игі нышан танып, үміт артты. ~ Қасиетіңнен айналайын сол Ақаңның, сол ақ жүректі қарияның аңнан бір әдемі олжамен оралғанда алдынан шыққанын тым жақсы ырымға балаған Есберген. Д.Әш. ~ Автобус Шелектің сыртындағы зираттар тұсынан өтіп бара жатқанда, қалың шидің арасынан қоян қашты. Қуанып кеттім. Жақсы ырымға баладым. Е.Жең. ~ Іштей «а, құдайлап» жақсы ырымға жорып тұрғаны сөзсіз. К.Қаз. ~ Зайыбымның ажары кіріп, бетіне қан жүгірді. Бір ретте «диванды қаншаға алдың?» — деп те сұрап қойды. Мұны іштей жақсылыққа жорыдым. Т.Бер.
