Posted in

ЖАҚСЫ ПЕЙІЛ

Шынайы ықылас, жанашыр көзқарас, оң қабақ. ~ Ол Тарасқа жақсы пейіл танытып, ара– тұра үйіне де ертіп апарып жүрді. Ү.Жәл. ~ … жалғаны жоқ жақсы пейілімді досымның келесі сыбағасына қалдырдым да пұшық «уазикке» жеткенше іштей өзімді-өзім сөгіп келемін. Қ.Ысқ. ~ … қатарлары үшін бұл қыз Мона Лизадай сұлулық періштесі әрі жаны мен тәні таза, құстардың ішіндегі ақ көгершіндей айтып тіл жеткізгісіз бір бейне еді. Қ.Түм. ~ Досмағанбет әлсіз езу тартты. – Тақа-ай, осы жұбатудан қазақтан озатын ел бар ма екен? – деді опынғаны, таңғалғаны белгісіз. – Жақсы сөз – жарым ырыс… Жақсы сөз, жақсы ниет, жақсы пейілден артық жанға шипа не болсын, батыр. Н.Дәу.