Posted in

ЖАҢБЫРДАЙ ЖАУҒАН ОҚ

Жаудың көз аштырмай, үсті-үстіне боратқан оғы хақында. ~ Артынан жаңбырдай жауған оққа ол сасфпады. С.Мұқ. ~ Үй тола жігіттен осы жігіт пен және бір жігіт қана жаңбырдай жауған оқтың астынан қашып құтылып, өзгелері қалып қойған. С.Мұқ. ~ «Тағдырдың жазғанын көріп алармын, – деді ол, – егер ажалың келсе, алтын сандық ішінде тығылып жатсаң да табады. Ал ажалың жоқ болса, жаңбырдай жауған оқтан да адам тірі қалады». І.Ес. ~ Оның орнын енді сұмдық үрей кеуледі. Бұл үрей соғыстағы жаңбырдай жауған оқтан да, бір аяғын түбінен кесіп алып жатқаннан да суық еді. Н.Дәу.