Posted in

ЖАҢБЫРЛЫҒЫ ЖАБЫҚ

Семіз, қоңды, сауыры тұтас. (Жаңбырлық – жылқының сауырындағы ойыстау тұсы, суағары.) ~ … осы аттың жалы онша қалың болмаса да керегеленіп тұрған қыр жоны уысын керіп кетті. «Жаңбырлығы жабық. Қазір бабында»,- деп түйді Еламан. Ә.Нұрп. ~ Аттың жаңбырлығы жабылып, жалы құлаққа жет қабыл болғанша, жілік майы толғанша бағады. БАҚ.