Түзу жолдан тайды. ~ Табиғаттың қателерін талайғы Түзетуді бар адамзат қалайды! Сөйте тұра, жаңсақ бассақ өзіміз, Кешіре ме мынау кемел кезіміз… М.Әлім. ~ Орын тауып жайғасқан минутымда-ақ бұл қыз жайына қайта оралдым. Қанша жаңсақ бастым, танымай амандастым деп өзіме-өзім күдік тудырсам да, ол, шынында да, жақсы білетін адамым сияқтана береді. М.Им.~ Әгәр-әки, азғырындыға еріп жаңсақ басқан біреу болса, айызы қанып: “Ей, Құдай, сенің артық қып жаратқан пәндәңның сиқы мынау ма?!!” деп сақылдап күліп, бір жасап қалатын. Т.Сәу. ~ Жәділге жақсылық ойлаймын деп жаңсақ кеткенін әйел жүрегі бірден сезді, күйеуінің қолына су құймаққа жақындай бергенде Николай: “Мен құяйын!” — деп ұсыныс жасаған … Ә.Тар.
