Posted in

ЖАҢСАҚ БАСҚАН ҚАДАМ

Адамның өмір жолында жіберген қателігі. ~ Өзінің барлық жаңсақ басқан қадамдары үшін алласына жалбарынып, пайғамбардан ақыл-кеңес сұрайды, көмекке шақырады: түсінуден қалдық қой, бұ дүние не боп барады, Ордада не болып жатыр? Ауыр ойдан арылар ма екем деп, айналасына көз жіберді… Ә.Әл. ~ Баяғы, жас кезіндегі, жаңсақ басқан қадамы Кәкіштің кейінгі өмірінің қалт жібермес сақ қарауылына айналған, кейінгі өмірінің әрбір сәтін сол өзек өртеген өкінішті қадамның өлшемімен өлшейтін болып алған: — “Әттең, сол кездегі ақылым осы күндегідей болса ғой! Қазіргі білгенімді сол кезде білсем ғой!” Ә.Тар.