Аяғын тез-тез басты, асығыс жүрді. ~ Жә, қойшы, тас тергендей тақылдатпай. Үйге қайтқан жолда түгендеп айтарсың, керек болса. Ал «Нұр ломбард» деген де бар, кәйт дейсің? «Нұр сыра», «Нұр шашлық» та бар шығар, кім біледі, әйдә, аяқты жебей басайық, әне, полицейлер көріне бастады, жұрт та қаптар енді! Ғ.Қаб. ~ «Алматының Мәдениет сарайы, қайдасың?» деп аяқты жебей бастым. Менің асыққанымды, қайтсін, қалтателефоным безектей қалды, – дереу алып, құлағыма жапсырдым: «Алло!..». Ғ.Қаб. * Ауыл маңында қым-қиғаш, сапырылысқан жүрістер. Әсіресе, кимешектерінің шалғайы шұбалып, үй-үйдің арасында, қазан-ошақ басында жебей басып жүгірген қызметші, күтуші, асшы әйелдер. Ж.Ахм. ~ Алайда, төресiнiң жолаушыларды асыға тосып отырғанын қабағынан сезген даяршы жiгiттердiң бiрi Жұманайдың үйiне қарай аяғын жебей басып жөнелген… К.Сег.
