Жебірлігі, алаяқтығы үшін жазалады. ~ Конторшы, есепшілердің ішінен де жемтіктестер табылады. Бұл ұрылардың жегенін желкесінен шығармай тынбаймыз,— деп Ермек, жуан жұдырығымен столды қаттырақ нұқып қойды. Ғ.Мұст. ~ Ішінде Тоқсанбайға деген қыжылы бар ма, әлде жаңалыққа жаны құштар ма, Жанахмет қызынып: − Құдай қарғаған қу шұнақтың жегенін желкесінен шығару керек,- деді. С.Ом.
