Posted in

ЖЕГЕНІҢ ЖЕЛКЕҢНЕН ШЫҚҚЫР (ШЫҚСЫН)

Біреуге көрсеткен қорлығың алдыңнан шықсын д.м. қарғыс. ~ Вагоншы құлаған вагонын тұрғызып алып, жолшыларды сыбап тұр: — …Жегенің желкеңнен шыққыр! Дәл қазір кездессең, шығарар едім желкеңнен! Ғ.Мұст. ~ ~ Сондай бір есеп айырған күні: — “Аш иттің артын сұқ ит жалайды” деп, менің қан кешіп, жын құшып жүріп тапқан жаман-жәутік тиыныма да сұқтарыңды қадапсың. Сендердің-ақ дегендерің болсын. Бірақ осы табан ақы, маңдай терімнен жегендерің желкеңнен шықсын деп, айтқандарына көне бердім, – дейді. М.Әу. ~ Гүлбаданды есігінен қаратпаған жанға жыл сайын елу мың сомды ұстатып келдім- ау. Әй, жегенің желкеңнен шығып, жұтқанын жұмырыңа жұқпағыр! Мені қорғадым, қолпаштадым дейді- ау. С.См.