Ашық, тұнық, әсем дауыс хақында. ~ Бота көзі шоқтай жайнап, екі бетінің ұшына қызғылт қан үйірілді. Үлпілдеген мамықтай тамағының асты бүлкілдеп, айлы түннің ақ сәулесіндей дірілдейді. Даусы тұнық жез қоңыраудай сыңғырлайды. Қ.Тол. ~ Қайнымның сөзіне бәрің түгел алыңдар!– деп Мәлике өзі аралап, кісілермен рюмке соғыстырып шықты. Кішігірім келі сияқты хрусталь рюмкелер жан–жақтан кеп түйіскенде, үстін–үстін соғылған жез қоңыраудай сыңғырлап тұрып алды. Д.Ис. ~ Қарақұстың кең сайын еңсеріп алған су қараңғы түннің бей-жай тіршілігін бұза жылқы кісінеді. Жез қоңыраудай сыңғыр етті. Ш.Күм.
