Posted in

ЖЕЗ ҚОҢЫРАУДАЙ ШҮЛДІРЛЕДІ

Ұнамсыз дауыспен көп сөйлеп, мезі қылды. ~ Оған енді жез қоңыраудай шүлдірлеген тікбақай келіншектің зәбірі батты. Бір сыласын тапса өзі де бұл үйден кетпекші. Бірақ… қайда барады? Ә.Нұрп. ~ Мырза, бұның жарамайды. Дұрыс сөзіңді айт. — Дұрыс сөзім осы. Бұл ара менің бұрын-соңды болмаған жерім. Татар тілмаш бұның сөзін Федоровқа дереу жеткізді. «Жез қоңыраудай шүлдірлеген сорлы»,- деді Тәңірберген тыжырынып. Ә.Нұрп.