Posted in

ЖЕЛГЕ ҰШТЫ

Бос ысырап болды; із-түссіз жоғалды. ~ Үш жыл бойы сен жолдаған сағыныш хаттар, мен жастығымның астында сақтаған сол сен жазған асыл сөздер… желге ұшты ғой. Күл болып көкке ұшты ғой. С.Ел. ~ Шалы есіне түсіп, көңілі босады ма, әлде желге ұшқан қайран дүниенің күйігі ме, Айша апа жуыла-жуыла өңі қашқан ала жаулығының ұшымен көзін басып, басын ұзақ шайқайтын. Т.Сәук. ~ Мына сөздеріңізге қарағанда, Нұреке, менің жақсы дүние жазам деп жинаған еңбегім желге ұшып кеткенмен бірдей болды ғой. Есіл еңбегім ай десеңші!— деп Досов кәдімгідей қинала сөйледі. С.Бақ. ~ Күректі лақтырып жіберіп, еңіреп жылап, жерге отыра кеттім. Үмітім тағы желге ұшқаны ма? Е.Жең.