Рәсуа қылды, текке шашты, ысырап қылды. * Мені қиналтпайын, өзім бірдеме етермін дегені болса керек. Сөйтіп жандай жақсы көретін достымның өмірінде білдірген жалғыз сабағатын желге ұшырдым, «тозақтағы ағзасы шыжып жатқан жанға аузымен су сепкен қарлығаш» құрлы бола алмадым. Б.Қыд. * Соттың шақырғанына бай келмейтін болды. Толып жатқан куә шықты. Жұртта да бет жоқ қой, бәрінің ойы байды арашалау, әке-шешемнің, менің еңбегімді желге ұшыру болды… Б.Майл. * * Олар милаға, ярдқа, дюймға, фунтқа түкірмейді, «жоспарды орындамадыңдар, қыруар қаржыны желге ұшырдыңдар» деп бетімізге түкіреді! Д.Дос. * … үш ғасырға жуық уақыт өтті, европалықтар айуаннан адам жасаймын деп, қаншама сынақ жасады, қаншама миллиардтаған қаражатты желге шашты. БАҚ. * Бiзге түсiнiксiзi, “менеджерлер халықтың қаржысын желге шашты” деп дабыл қаққан Есеп комитетiнiң үнi үш-төрт жылдан берi неге ащы шықпады? БАҚ.
