Posted in

ЖЕЛДІ КҮНГІ ҚОҒАДАЙ

Елпең қағып,, ырғалып, тыным таппауды меңзейді. ~ Музыка құтырынды. Бишілер секеңдеп, желді күнгі қоғадай, біресе алға иіліп, біресе артқа шалқая ырғалып, теңселіп шыға келді. Н.Сер. ~ Оның Жасынмен бұл кездесуі махаббат жолындағы алғашқы “ресми” кездесуі болғандықтан ба, кеудесіндегі жұдырықтай жүрегі қамысты көлдің желді күнгі қоғасындай кешеден бері бір сәтке де тыным таппады. Д.Ис.