Қаулап жан-жаққа тез тарай жөнелді. ~ Коммунистік партияны, қала берді, аудан басшыларын қол аяқтарын жерге тигізбей мақтаған. Алғыс айтқан парықсыз даурықпа сөз желді күнгі өрттей лаулап барып басылды. С.Бая. ~ Келіншектің емеуріні санама сонда ғана жетті. Білемін, ауылдың мінезі маған да мәлім, ауылдың пыш– пыш өсегі желді күнгі өрттей тарайды. Күншілдер көбейеді, соңыңнан шұқып көрсетеді, табалайды. Ә.Асқ. ~ …мейлі ғой, білігі асып бара жатса бір сәрі, қайдағы киіз күрке секілді қирауға бет алған киіз үйді мақтап мәртебелі мейманның қан қысымын көтеріпті, сөзге келіп қапты… дескен сөздер желді күнгі өртше қаулап желп–желп етті. Д.Дос.
