Енді қайтып бұндайдан аулақ болсам екен деген емеурін. ~ Тастыбай тараптан ол күткендей жауап болмады. «Е, мейлі, өзіңе ыңғайлы екен, үндеместің ойынын жалғасыра бер ендеше, әйтеуір түсер жерде жолпұлды түгел төлесең бітті, енді қайтіп жүзіңді желкемнің шұқыры көрсін!» Қ.Жиенб. ~ Бұл өкіметті енді желкемнің шұқыры көрсін деп туған жерін талақ еткендер де бар, қайта ораламын деп үміттеніп кеткендер де бар. О.Көш. ~ Сонсоң жансыз бөренені дырылдатып сүйрегендей ғып, жатақхананың жанына әупіріммен әкеліп тастайсың да, бұдан былай желкемнің шұқыры көрсін деп, алды-артыңа қарамай зыта жөнелесің. М.Қаб. ~ Содан соң ойын әрі қарай өрбітті: “Оған ол дүнгіршекте көңілсіз… Мен онда барар жер таппаған соң барып жүрмін ғой. Әйтпесе Пон — Неф пассажын желкемнің шұқыры көрсін дер едім. Э.Зол. ~ Ертесіне шешеміздің алдында жаралы жауынгердей ыңырсып, табанымызға кірген шеңгелдің сояулары мен жантақтың шүпірлеген майда тікендерін жұлғызып отырғанда, бұдан былай суға шомылуға бармауға ішіңнен өз-өзіңе мың мәрте ант беріп, алма бақты желкемнің шұқыры көрсін деп қарғанып отырасың. Қ.Ад.
