Әзіл серт, жорта қарғану. ~ Бізде әзілдескен құрбылар қалжың үшін өтірік бір нәрсеге серт берерінде «желкемнің шұқырын көрмей кетейін» дейді. Әзіл үшін қандай жарасымды серт?! Ғ.Біл. ~ Баянаула тауын көргенде: «Ат ерін алуға жарамайтұғын жер екен. Шіркінді жұрт қалай қоныс қылып отырған. Бір көрген кісі кәпір-ай, сені желкемнің шұқыры көрсін дейді екен. Бауырында бір қара еткен тұзы бар екен. Тұзы ауыр екен. Бір күн түнеп кетемін деген бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен». ҚХАӘ. ~ Мылтығына сүйеніп, қарасы ұзап бара жатқан серігіне тағы ілеседі. Сорақының қызығы ай далада қалған жылқыға қайта жету болды. Осы бейнеттері көз алдына елестеп: «Енді аңға шықсам — желкемнің шұқырын көрейін!» деді бір шыны шәйді әзер түгесіп, төсекке жантая бергенде. З.Төл.
