Posted in

ЖЕЛКЕСІНЕ МІНДІ

Билеп-төстеді, қанады, еңбегін жеді. ~ Николайдан құтылған нашар халық желкесіне тағы енді «хан тақсырды» мінгізе алмайды. Хан кімге керек? С.Сей. ~ Қысқасы, Салауатов редактор болып келгенше Сылқым жұрттың желкесіне мініп алғанға ұқсайды, редакциядағы бір еркетай. К.Қаз. ~ Сары кірпіктері жиі жыпылықтап бір түрлі мүләйім қарайды. Әлде жұмысынан мін шығып, бастық желкесіне мініп алды ма екен? Б.Тоғ. ~ Әкемді көп аламын кейде есіме, Аман-сау оралса деп өлкесіне. Ат қылып мінетінмін бір бұтағын Әкемнің мінгендей боп желкесіне. Р.Нияз.