Өлтірді, жанын шығарды. ~ «Қап! Қапыда соғып кеткенін. Әйтпесе, мен оның желкесін үзетін едім», деп опынды ол жоқ жерден көрген зәбірі есінен кетпей. Х.Ес. ~ Айтпақшы, кешегі түсімнің жалғасын жазып қояйын. Содан әлгі екі арыстан (әлде жолбарыс па еді?) қорқауларды тырқыратып қуып берсін, шайнағанын шайнап, желкесін үзгенін желкесін үзіп, аластап тастасын. Айызым қанып мен тұрмын. Ә.Тар.
