Posted in

ЖЕЛ АЯҚ

Желге жеткізбестей жүйрік. * Өзін қуып және ешкім ұстай алмайды, шапқан атқа жеткізбейтін жел аяқ. С.Мұр.

~ Қымыздың қызуымен желпiнiп отырған болыстар: “бәрекелде!”, “өй, жез таңдай”, “сайра, бұлбұл!”, “ендiгi ақынның алды ғой бұл!”, баяғы кәрi жел аяқтардың сарқыты ғой!”, “сөйле, соқ!” десiп даурыға мақтасып едi. М.Әу. * Мотоцикл деген жел аяқ қойсын ба, басқа жолға бұрылмастан, тура желкемізден төте салып жақындап келеді. Т.Ахт.