Posted in

ЖЕЛ БЕРДІ

а) Айдап салды, қайрады; қолтығына су бүрікті. * Өзінен басқа жанды кем көрмесе, Құтыртып, шабыстырып, жел бермесе, Табылмас аузына су тамызушы, Өзінің тар етігін кең көрмесе! М.Жұм. * Байлар, жарамсақшылар, атқа мінерлер жігіттерге жел беріп, қолтығына дым бүрке берді. Ж.Айм. * Бұл жерде кино көрiп береке таппайсың. Ылғи да осы. Ант атқан есерлiкке жел беретiн көп түйткiлдiң бiрi – экран алдындағы мақаулық. Т.Сәук.
ә) Дем берді, шабыт қосты. * Сендер менің бақытымның бұлағы, Сендер менің дарыныма жел берген. Т.Айб.