Ешкімнің ала жібін аттамады, біреуге дөрекі сөз айтып көрмеді. ~ Кәрілер өмірден өтіп кеткен, ешқашан кісінің бетіне жел боп тимеген ата- анасын айтып, аһ ұрып тұрып, артта қалған перзентіне бар жақсы пейілін арнаса, қатарлары үшін бұл қыз Мона Лизадай сұлулық періштесі әрі жаны мен тәні таза, құстардың ішіндегі ақ көгершіндей айтып тіл жеткізгісіз бір бейне еді. Қ.Түм.
Біреудің көңілін қалдырған емес, қарсы сөйлеп көрген жоқ. ~ Кәрілер өмірден өтіп кеткен, ешқашан кісінің бетіне жел боп тимеген ата- анасын айтып, аһ ұрып тұрып, артта қалған перзентіне бар жақсы пейілін арнаса, қатарлары үшін бұл қыз Мона Лизадай сұлулық періштесі әрі жаны мен тәні таза, құстардың ішіндегі ақ көгершіндей айтып тіл жеткізгісіз бір бейне еді. Қ.Түм.* Сонда актрисаның ұлы … ал нағашы апасы кім? Нағашы апа дегені туған шешесі болып шықса, мұның бетіне жел боп тимеген шешесі бұған кім болмақ? Ж.Шам. * Оның есесіне сол күні одан асқан ынталы, одан асқан тіл алғыш, одан асқан қайырымды кісі болған жоқ. Ешкімнің бетіне жел боп келмей елпілдеді де қалды. Ш.Айт. ~ Байдың баласымын, жер тәңірісімін дедік. Бетіме ешкім жел боп тимейді, тізгінді жан баласы ұстамайды дедік. Д.Дос * Ежелден бергі ерке тұқым саған еркелігі өтпеген күні ту сыртыңнан пышақ ұрып, тулаққа аунатып кетуге тырысады, ал өз қолыңнан өрге сүйреп, өркенін өсірген тұқымың өле-өлгеніңше алдыңнан жел боп келмей ардақтап бағады. Ә.Кек. * Сұлтан басымен «Алаш» ұрандының туын ұстаған Бөкенбайдың бетіне еш жерде жел боп келіп көрмепті. Ә.Кек.
