Бос сөзге әуес, даурықпа, елірме. * Су жұғар ма, Сөз ұғар ма Сыпыра жылмаң жел буаз?
Айтты — көндім, Алды — бердім, Енді өкіндім — өзіме аз. Абай. ~ Тағы ушықтырмай қоя
қоятын біздің қазақ па?.. “Қай жерден құдай ермек береді” деп, ұрынуға қара таба алмай,
жұлынып бара жатқан сыпыра желбуаздар көрінген елге, басқан жерге әйгілеп қана
қоймады: түрткілей-түрткілей Омар мен Оспанның арасына от тұтатты. С.Тор. ~
Кейбіреулері қыздың мінезін ұнатқан болар, ал көбісі-ақ қыздың жайдары, ашық еркіндігіне
қарап жеңіл тоят іздеп алуан түрлі сиқырлығының торына ілігіп емескі үмітпен желбуаз
болса керек, әйтеуір бұған назары түспеген жігіт сирек болды. Т.Ахт.
