Жүрісі жеңіл, жүйрік аттың шабысын сипаттау. ~ Жел қайықтай сырғыған қара тұлпар арқасындағы иесін төбедей теңселтіп, әне-міне дегенше Алпамыстың тұсына алып келді. А.Сей. ~ Қыстың ызғары басталғанша ақкөктің жарасы толық жазылып кетті. Міне қалсаң жел қайықтай сырғитын сайгүлікті Асу жанына балап, көзінен таса қылмады. М.Алм. ~ Әрдайым тізгінін созып жіберіп, басын шұлғып тастап көңілді аяңдайтын Аймаңдай, бүгін тіпті жеңіл басып, дәл жел қайықтай лыпып тұр екен. М.Әу. ~ Жеті жасар сары асық құланың жүрісі майда. Жел қайықтай сырғыған жорғасынан көңілге желік бітердей. Ө.Кәр.
