Posted in

ЖЕЛ ҚАҚПАҒАН

Жүзіне күн тиіп, көлеңке түсірмеген аққұба, балғын келбет. ~ Қалай ұйықтадың, Науашжан? — деді Қасан, інісінің күн шалып, жел қақпаған ақ сұр жүзіне үңіле қарап. Оң қолын оның иығына салды. — Тамақ ішпедің ғой. Ауырып жүрген жоқсың ба? М.Сүн. ~ Тұла бойындағы жастықтың белгісі жел қақпаған әжімсіз ақ маңдайында ғана қалған сияқты. С.Жүн.