Тұрлаусыз, қызығымпаз, әркімге бір көз сүзетін әйел. ~ Күйші, өлеңші дегендерің де күлімсіреген еркекке емешегі құрып, есі кетіп қалатын жел қуық ұрғашы сияқты ғой. Ә.Кек. ~ Әсіресе, бұны тастап кеткем “желқуық ұрғашы” (апасы Хансұлуды ылғи осылай атайтын) Хансұлу бұның туған бөлесі Шегеге тиіп алғанда жыртық үйінің іргесіне қарап жатып бармағын тістеп жылаған. С.Ел. ~ Мен… ешкімнің ұясын бұзғаным жоқ! Ешкімнің әйелін зорлағаным жоқ… еркінен тыс! Желқуық ұрғашылардың өздері кінәлі!!! Шыбыш сүйкенбесе, теке артылмайды!!! С.Ел.
