Posted in

ЖЕЛ ҚУЫҚ

Жеңілтек, алып-ұшпа, үркек. ~ Менсінбей қапы болып өкінермін, Ызғарлы көрінеді сөзің суық. Болдырып түстен кейін сандырарсың. Байталсың қапелімшіл бір жел қуық. Біржан сал. ~ Талай жорыққа бастаған мына “Ала байрақ” барда қазақты алар дұшпан, табанға таптар жау жоқ қой. Жоқ! Жел қуық сәуріктей босқа үркіп жүр екенбіз. С.См. ~ Баяғыда Мәмбет мырза қазақ арасына келгенде көресіні ол осы торғауыттардан көрген. Сәмеке мен Батыр солардың қолымен от көсеп, жел қуық жұртты бұған қарсы ереуілдетпек боп, қанша жерден қақпан құрғанын ойлағанда әлге дейін зығырданы қайнап қоя береді. Ә.Кек. ~ Соны таптырып бер деп сіз де ешкімге салмақ салмаңыз. Онсыз да жел қуық, қос үрей жұртпыз ғой. Ә.Кек.