Ауыр ойдың, жабығыңқы көңілдің оп-оңай сейілуі, ілезде тарауы хақында. * Ол күні-түнімен, ертеңінде күнімен Бекболаттың ойынан Ақбілек кетпеді. Оны қандай жаман адамдарға араластырып, одан қандай жиренейін, жек көрейін, түңілейін, безейін десе, оны алғаш көргені есіне түскенде, ол ойының бәрі жел қуған тұмандай серпіліп баяғы періште сынды Ақбілек көзіне елестейді де тұрады. Ж.Айм.
