Posted in

ЖЕЛ ҚУҒАН (ШАЙҚАҒАН) ҚАЙЫҚТАЙ

Өз-өзіне ие бола алмай, тайғақсыған адамның кейпі. ~ Жел қуған қайықтай біресе еңіске құлап, біресе биікке өрмелеп келе жатқанымда жазаңдау алаңнан қою бозғылт шаң көрінді. Б.Тоғ. ~ Бота да енесіне ере түрегелді. Бірақ, судың қатты ағысына шыдай алмады ма, әлде қорықты ма – жел шайқаған қайықтай, тұрған орнында теңселе бастады. C.Мұқ