Posted in

ЖЕЛ ҚАҚТЫ

Жүзін жел сорып, тотыққан д.м. ~ Тымақ кигендері де бар.Киімдері кір-кір, денелері де күнге күйген. Жел қаққан,тотыққан, кір сіңген.Әсіресе қазақтар қап-қара. С.Сей. ~ Күн тиіп, жел қаққан қара торы томпақ беті күреңіте қалып, шарасы шағын, өткір қара көзі жайнап, сұңғақ шымыр денесін тік ұстап, сөзін еркін бастады… С.Ом.~ Тек көзі ғана емес, мылқау табиғат күшіне ереуіл көрсетуші екпінді күйдің ырғағына балқыған ішкі жан дүниесінің толқыны жел қақты боп, қоңырқай тартқан жүзінде ойнайды. Ә.Сәр.