Қорқытып, қиғылық салу, жер тепсіну туралы. ~ Уборщитсаның шоқпытына еремін деп жетекшіл болып, тозған кезіме тап келдің де, әйтпесе, қылша мойның талша деп отырған жеріңе қазық қып қағып жіберетін едім ғой! Қ.Ысқ. ~ Әй, неменеңе жетісіп отырсың? Әттең, кемпір… әйтпесе, төбесінен бір қойып, отырған жеріне қазық қып қағып жіберер едім! Т.Сәу. ~ Бірінші хатшы жерге қазық қып қағып жібергендей сөздер айтты. «Ауылдарында үш герой, екі депутат бар, соның бәрі сенің ағайының. Не деген даукес жұртсыңдар». Қ.Түм. ~ О, сұмдық–ай! Сауырлы қулық жиіркене қарап тұр. Аясы үлкен жанары неткен сұсты, қара жерге қазық қып қағып жіберер ме екен. А.См.
