Posted in

ЖЕРДІҢ ЖЫРТЫҒЫН (ТЕСІГІН) ЖАМАДЫ

Қолынан келмейтіні жоқ пысықай туралы. ~ Әй, өзің түк білмейді екенсің ғой. Менің сенімен жасты балам жердің жыртығын жамамағанмен, балыққа келгенде алдына жан салмайды. Оған да үйреткен мына өзіміз,- деп бөскені бар. Қ.Ысқ. ~ Атқарушы директорым — Ди деген кәріс жігіт. Таңдап тауып алғанмын. Пысықтың көкесі. Жердің жыртығын жамағанды қойып, аспанның тесігін бітей алар мәстірдің нақ өзі! Ғ.Қаб. ~ Оқыса, білім алса, жердің жыртығын жамап, күллі қауымын ұшпаққа жеткізетіндей көреді. О.Сәрс. ~ Бір жағы қытай, бір жағы моңғол болып келетін Қаптықтың бір дарасын мекендеген Құдабайдың жігіттері жердің тесігін жамаған жырындылар еді. Ж.Шәк. ~ Атқарушы директорым — Ди деген кәріс жігіт. Таңдап тауып алғанмын. Пысықтың көкесі. Жердің жыртығын жамағанды қойып, аспанның тесігін бітей алар мәстірдің нақ өзі! О, айналайын Аспан, садағаң болайын Жер! Ғ.Қаб. ~ Ал, енді ағаларына не бетімізді айтамыз. Сен бесеуің – жердің жыртығын жамайтындай, мен – білмейтін бәлесі, көрмейтін кереметі жоқ жалмауыз кемпірдей болып жүріп, бір қызға ие бола алмадық. Мына қарабет қалай мектепте шәкірттерінің алдында шермиіп жүреді,- деді. С.Досж. ~ Егер де мен мезгілсіз келген махаббатқа мас болып, көкірегімнен жыр төгілгені үшін ғана алжыған атансам, болсын, тәйірі, мен сол махаббаттан бас тарта алман, мен соған сүйінем де бездім сендерден! Жердің жыртығын жамаған сендер емес, бездім, бездім! Ш.Айт. ~ Жаралған жөні бәлек ұл едіңдер, тілеуін туған елдің тіледіңдер, жыртығын жамадыңдар қара жердің, иықпен аспанды да тіредіңдер. С.Им.