Posted in

ЖЕРДІҢ ЖІГІН ТАПҚАНДАЙ

Әлдебір керемет жаңалық ашқандай. ~ «Мейірбектікі жөн, ол жаңа әкім. Мүмкін оған солай сөйле деп тапсырған шығар. Ал Тұрсынға не жоқ?! Жердің жігін тапқандай танаулап тұр. Б.Тоғ. ~ Осындай халықты қанжылататын, қандастарымызды телім-телім қылатын қатерлі талапқа жоғары лауазымды үкімет мансаптылары мен тараған парламенттегі халық қалаулыларының біразы да имандай ұйып, жердің жігін тапқандай танаулары желбіреп, ұялмай-қызармай жоғары кеңес сессиясында талқыға салды. Д.Мәс.