а) Асқан шеберлікпен орындаі туралы. ~ Әсет ән ырғағын өзгертіп, «Қаракөзді» шырқап отыр екен. Ғашықтық, жастық жырларын да әнші жеріне жеткізіп, үзілдіре, үздіктіріп айтады. Қ.Жұм. ~ Жұрт жапатармағай дүрлігіп, дуылдатып қол соғады. Ондайда сенің кейбір рөлдегі шалағайлығың, жеріне жеткізе алмаған әлсіздігің де ескеріле бермейді көп. Қ.Жиен.
ә). Әлдебір істі тыңғылықты атқарды. ~ Мұхтар Тұраштың ақылымен оның досы Кəкен қызы Райханға үйленді. Тұраштікі ақыл, кеңес қана. Ал бұл істі жеріне жеткізген Ақбілек болды. З.Қаб.
