Барынша анық, ұғынықты, әсерлі етіп айтты. ~ Ол мені сүйеді. Бұл жәй сөз емес. Екеуміздің арамыздағы махаббат сезімін мен бәрібір жеріне жеткізе айта алмас ем. Тілім жетпейді. Қ.Жиен. ~ Жағымсыз образдың жағымсыз кейпін ғана кескіндеп қойған жоқ, салғырттығы жоқ сергек қатал күзетшінің «қарт жыртқышты дүр сілкінтіп оятқан», «көп жылдар ұйықтап қалған ашуын, зәрін» де сорғалата төкті. Және жеріне жеткізе, қапысыз айтты. Т.Жұрт. ~ Міңгір– міңгір, күңгір– күнгір… Тайға таңба басқандай көкірегімізде сайрап тұрған ойды да бүкпесіз, ашық әрі қарапайым тілмен жеріне жеткізе айта алмаймыз. Қ.Жиен. ~ Тосын келген ойдың ар жағын тиянақтап жеріне жеткізіп айтуға Лиманың дәті шыдамады. Ә.Тар. ~ Қайран, Әсет аға- ай! Жеріне жеткізіп жақсы айттыңыз- ау. Кезінде Демежанды ән жырымен, сән- салтанат бабымен дұрыстап жоқтай да алмаған едік. Қ.Жұм.
