а. Намыстан жарыла жаздады; бетінен оты шығып, қысылды. ~ Жігіт жер болып, тіс жара алмай қалды. Не десін! Анасының бір кездегі қателігіне баласы басымен жауап беріп отырды… С.Досж. ~ Нендей уәж айтарын білмей жер болып жүдеп Байсұлтан қала берді. Ә.Асқ. ~ Еркектің жылағаны — жер болғаны, жасығаны — мойығаны. С.Смат. ~ Ана жолы келіншектің күйеуін масқаралағаннан кейін-ақ, сөйтіп түйген көкейіне. Сонда зам байғұсты аяусыз қорлағандарына жер болған. Н.Дәу.
ә) Жермен жексен болып, шөкті, басылып қалды. “Жел мұжып, су шайып, күндердің күнінде топырағы жер болып, дәйексіз, ұмыт қалар осы құрбандардың атойлап шығар белгісіндей не бар? С.Смат. ~ Тәйпиген аласа бейіт. Бетін қына жапқан жаңқа тастар шөп арасынан әрең көрінеді. — Жер болып шөгіп барады. Ж.Сәм.
б)Көз жұмды, жерленді. ~ Жаман айтпай жақсы жоқ, қаза жетіп сол жақта жер болсам, ақтық рет: «Ағиісім!» деп бір құшпай жер қойнына қалай енем? Ғ.Сл.
