Айналасына көз салып, жер бедерін аңдады, барар бағдарын анықтап, жол таңдады. ~ Ол белеске шығып еді, ар жағы одан да биіктеу адырсымақ екен. Ақбілек жан-жағына барлап, жер болжады. Алғы беті ашық, арты — кенере тау. Ақбілектің ауылы осынау кенере таудың түбінде. Шығыста емес, құбыла жақта. Ж.Айм. ~ Жұматайдың соңғы сөзінен соң екеуі де тоқтап, ағаштың қара көлеңкесіне аттарымен жасырынып алып, селдір тоғайдың арасынан ауылға қарап тұрып, жерді болжады. М.Әу.
