Posted in

ЖЕР-КӨККЕ (ЖЕР-ДҮНИЕГЕ) СЫЙҒЫЗБАДЫ

Мақтауын асырды, көкке көтерді; тым жоғары бағалады, дәріптеді. ~ Күшті ақындар өздерін көтергенде, жер-көкке
сыйғызбайды, ақын – періште, ақын – пайғамбар, ақын – қазы… ақын – құдай, ақынның сөзі «құран», ақын – үгітші,
тәрбиеші, өңдеуші, тағы әлденедей дәріптейді. Ә.Бөк. ~ Арада бар болғаны екі-ақ күн өткен. Тағы сол көшеде әлгі танысым кездесе кетті. Салған жерден құдасы Жалғасты мақтап, жер көкке сыйғызбай барады. Ж.Аяз. ~ Вагиннің әйелін сиқырлы шамның алакеуімінде әдеби кеш ұйымдастырып, “жалын атқан таулар” дейтұғын көркемсөз жиынын дайындағаны үшін жер-көкке сиғызбай дәріптейді келіп… И.Бун. ~ Өмірде дана адамның да жауы болады. Ол – іші тар, қызғаншақ, біреудің жақсылығын көре алмайтын адамдардан шығады. Ондай адамдар сайқал келеді. Жұрт алдында сені көзіңше мақтап, жер-дүниеге сиғызбайды. Ә.Шәр.