Posted in

ЖЕР-КӨККЕ СЫЙҒЫЗБАЙ МАҚТАДЫ

Аузының суы құри мақтады. ~ Сендер менің құрметіме ешқашан қонақасы бермейтін, ешқандай қабылдау
ұйымдастырмайтын боласыңдар, менің еңбегім сіңбеген жетістіктерді маған еншілетпейтін, мені жер-көкке сыйғызбай мақтамайтын боласыңдар. Ә.Нес. * Осы ермегім үшін шалдан таяқ жедім, Бақыттан сөз естідім. Қадет қой, қартайғанша қоя алмайтын шығармын. М.Қаб. * Мұнарбек бұл өңірге әжептәуір аты шыққан аңшы деседі, Ералы бастығы солай деп жер-көкке сыйғызбай мақтап кетті ғой… Ә.Асқ. * Амантай ағам иегін көтеріп: ─ Мына дөкей кім? – деп былғары қолғабын шошайтты. ─ Әлгі Қабдоловтың жер-көкке сыйғызбай мақтап жүрген «Қоңыр күзі едінің» авторы деді Сафекең. Қ.Ысқ. * Оспан кенет серпіліп, Крыловты жер-көкке сыйғызбай мақтай берді. С.Омар. * Қысылғанда бар амалы дос-жарандарын жер-көкке сыйғызбай мақтау, әйтпесе, өзін-өзі әжуа қып, әбден сүмірейтіп, кебенек кигізіп жіберетін әдеті. Қ.Ысқ. ~ Арада бар болғаны екі-ақ күн өткен. Тағы сол көшеде әлгі танысым кездесе кетті. Салған жерден құдасы Жалғасты мақтап, жер көкке сыйғызбай барады. Ж.Аяз.