Салыстыруға келмейді; өзгешелегі көп. ~ Қарап тұрсаң әлсін, әлі жарқыраған бір нәрселер ағып түседі. Мұны жұрт «ағынды жұлдыз» дейді, бірақ бұлар жұлдыз емес. Жұлдыз бен бұлардың арасы жер мен көктей. А.Байт. ~ Жас арамыздың жер мен көктей екені бәріңе аян. Оразбике, міне, пәлен демей ризашылығымен келіп отыр, – деп бір қайырып тастаған. Қ.Найм. ~ Білем– білем буылтығы көп денесі жайылып, омырауы салбырап– салбырап кетіпті. Әлгіндегі Қатира мен Айғаншаның арасы жер мен көктей. Ал, екеуі түйдей құрдас. С.См.
