Ұялтты, масқаралады, қорлады, жерге кіргізді. ~ Жамалды үйіне əкеліп, абдырадан киім– кешегін алдырып жатқанда, мына жақтан Жамалдың шешесі тұрып: – Қарағым– ау…. Шының ба? Бұ не қылғаның?.. Бəрімізді жер қылып… Бұдан да бізді біржола көміп кет. Бізді бүйтіп қаран суалтқанда, не бір қадір табам деп ойлайсың?.. Қой, қарағым, ақылыңа түс… Ж.Айм. ~ «Сәлеметсіздер ме–е–е?» – деп мына шетте кісімсіп қыдиып тұр еді. – Өй, жаман неме! Адам болғанда өстіп бола ма? Қол беріп сәлемдес түге! – деп осы Мақұлбек жұрттың көзінше жер қылғаны бар. Д.Дос. ~ Ақындар бүгін де «кіл масыл», Қыңқылдап айтамыз жырға сыр. Қасымын қаңғытқан үй бермей, Сол ғасыр әлі де бұл ғасыр. Жер қылды жемірлер өнерді, Сонда да пір тұттық өлеңді. К.Құн. ~ Қиын кезеңде өз қалтасын ойлаған белгілі адамдардың атын әнші атын атап, оларды жер қылды. БАҚ.
