Шамамен 40 пен 50 жас арасындағы адам. ~ Мен болсам, жер ортасынан астым, қатын да сарыгідір болды. С.Мұқ. ~ Жапардың көз алдына бет-аузын көкмораз жүн басқан, жасы жер ортасынан асқан шешеннiң кейпi елестедi. Ә.Ыб. ~ Қожан бұл сапардан Еділбайдағы қыстаққа екі тәуліктен соң оралды. Мұны көрген Далабай қатты қуанды. Жасы жер ортасынан ауса да әлі қайраты қайтпаған шомбал денелі, шұбар бет кісі, қожасының аман-сау келгенін кәдімгідей жақсылыққа жорыды. Ж.Баш. ~ Ойлап отырса, күні кеше аты күркіреген Ер Оғыланның тұқым-теберінде бұдан басқа батыр қалмапты. Жас деген жер ортасынан ауып барады. Ә.Кек.
